Бүгін «Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жүргізілетін түзету-дамыту жұмыстары» тақырыбында педагогикалық-психологиялық консилиум өтті. Педконсилиум барысында мектеп директоры А.Тажимишев көтерілген мәселенің маңыздылығына тоқталып, нәтижелі, кешенді жұмыстануды тапсырды. Бағдарлама бойынша мектеп психологы, логопеді, әлеуметтік педагог және педагогтар оқушы бойындағы ерекшеліктер мен атқарылған жұмыстарды талдап, алдағы жоспарларымен таныстырды. Кеңес соңында ұстаздар өзара тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар жасады. Бірқатар мәселелер бойынша қаулы қабылданып, хаттама толтырылды.