Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күтеміз. Сондықтан да жастайынан ата-анасынан айырылып, жетімдіктің дәмін көріп, ананың аялы алақаны мен әкенің қамқорлығынсыз қалған бейкүнә сәбилердің ішкі мұңы мен зарын сейілтіп, жанашырлық танытып, мектебіміздегі жетім және қамқорлықтағы балаларға демеушілік қолдау көрсету мақсатында «Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуді бірігіп қолға алсақ, әлеуметтік көмекті қажет ететін халқымызға жасаған бірден-бір қамқорлығымыз болар еді. Мүмкіндігі шектелген және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кез келген түрде қайырымдылық көрсете отырып, көмек бере аласыз.
Мекенжайы: Ж/М Қарғалы 12А
8705 839 23 86