"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Құқық бұзушылық  – қоғамдық қауіпті сипаты бар, жауап беруге қабілетті тұлға жасаған кінәлі құқыққа қайшы әрекет. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.
Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және қараусыз жүруінің алдын алу жөніндегі заңнаманы қалыптастыру және дамыту жұмысы қолға алынған. Аталмыш бастама бойынша 2019 жылдың 21 қаңтар күні #60 ЖББОМ-да оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға тәрбиелеу мақсатында “Құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында 9-11 класс оқушылары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнебаяндар көрсетілді. Шара соңында оқушылардың көзқарасы сұралып, сауалнама алынды.