“Шынықсаң, шымыр боларсың”,- демекші, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай және Елбасының жолдауына көрсетілген “2019 жыл – жастар жылы” деп аталуына байланысты #60 жалпы білім беретін орта мектепте “Мен спортты таңдаймын!” атты жас мұғалімдердің арасында қысқы эстафеталық сайысы өтті. Қысқы демалысты тиімді ұйымдастыру, мұғалімдерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл – әрекетке жаттықтыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген эстафета сайысы жастарды ынтымақтастыққа, ауызбіршілікке шақырды. Жалынды жастардың жаңа жыл қарсаңындағы алғашқы бастамасы салауатты өмір салтына арналып, керемет көңіл-күйде өтті.