"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Бала қуанышы – біздің қуаныш!

 

Мектебімізде Ақтөбе қалалық білім беру бөлімінің бұйрығы бойынша “Қамқорлық” қайырымдылық акциясы аясында “Жүрегім толы мейірім” атты қайырымдылық шаралары өтіп жатыр. Бұл орайда қаламыздағы “Happylon” аттракционы әкімшілігі мектебіміздегі ерекше білім беруді қажет ететін және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларымызға ізгі ниет танытып, аттракцион шегінде тегін және еркін демалуға жағдай жасап, керемет көңіл-күй сыйлады. Бұл ерекше әлеуметтік қорғаудағы балаларымыздың өз-өзіне деген сенімдерін арттырып, олардың әлеуметтенуіне оң ықпал ететіні сөзсіз. “Happylon” аттракционы әкімшілігіне шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Мұндай игі істер жалғасын таба беретіндігіне сеніміміз мол!

Жер бетіндегі балалардың көңілдері қашан да шат болғай!