"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Елбасының “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауы

2018-2019 оқу жылының 8 қазан күні мектеп басшылығының қатысуымен өндірістік кеңес өтті. Күн тәртібінде 2018 жылдың қазан айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің “ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ” тақырыбы аясында Жолдауында қарастырылған педагог мәртебесі, орта мектептерде оқушыларды кәсіптік бағдарға бағыттап, білім деңгейін дамыту, білім ошақтарында спорт кешендерін жабдықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға бейімдеу мәселелері талқыланды. Сонымен бірге басшылық тарапынан мектебіміздегі өзекті проблеманың бірі – үш ауысымдық оқыту кезеңінің алдын алу жолдарын қарастыру керектігін басып айтты. Жиын барысында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімдері Е.Н.Касимов, А.Мұқамбетәзиев Елбасы Жолдауы жөнінде баяндама оқып, мазмұнына қысқаша тоқталды. Мектеп басшысы Тажимишев Абзал Амантайұлы ҚР Президенті Жолдауын іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын алға тартып, белгілі бір кезеңде орындалуын мектеп ұжымына табыстады.