"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

МЕКТЕБІМІЗДЕ “МҰҚАҒАЛИ” АТТЫ ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ САХНАЛАНДЫ

Елбасымыздың “Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру” атты мақаласында “Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды”,- дегені бар. Ал еліміздің мәдени-руxани тамыры театрдан бастау алады. Рухани кемелдікке жеткізіп, мәдени өсуімізге ықпал ететін орын – театр. Өресі биік көрерменге ой салар жер де – осы. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры @dramteatr_aktobe еліміздің болашағы – жас ұрпақты патриоттық сезімге баули отыра, оқушылар мен жастардың рухани жан дүниесін байытып, тәлім-тәрбие беру үшін №60 ЖББОМ-да М.Мақатаевтың туған күніне орай, ақын поэзиясынан сыр шертетін “Мұқағали” атты әдеби-музыкалық қойылымның премьерасын сахналады. Өнер шеберлерінің талантына тәнті болған оқушылар мен ұстаздар қауымы ыстық ықыластарын білдіріп тарасты. Осындай тағылымы мол шаралардың бәрі де “Жастар жылы” аясында өткізіліп жатқандығын айта кеткеніміз жөн.