2018 жылдың 24 қазан күні діни экстремизм көріністерін алдын-алу және терроризм қаупін болдырмау арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында №60 ЖББОМ-да мұғалімдерге діни ағымдағы күрделі сауалдар аясында тереңірек түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Ақтөбе облысының құқықтық психология-әлеуметтік қолдау “Шанс” орталығының заңгері Р.Таубаева, М. Арын атындағы ККОМ дінтану пәнінің мұғалімі Қ.М.Байбатыров, №52 НМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Иванұлы, №5 ОМ тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Аманғосқызы шараға қатысты. Келешектің тұтқасы – бүгінгі жас жеткіншекті теріс ағымдардан қорғап, діни сауатты тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу жөнінде сөз қозғалып, өзекті мәселелер қаралып, талқыланды. Дін туралы білімге ие, сауатты кез-келген адам өзінің рухани бағдарын дұрыс таңдайды, өзгенің дін ұстану, ұлттық, тілдік ерекшелігіне сыйластықпен қарап, құрмет көрсетеді. Яғни, Қазақстанда қалыптасқан дінаралық келісім татулықты сақтау мен келер ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосар болса, өз кезегінде еркін әрі қызығушылықпен жинақталған білім мен тәжірибе – өмір соқпақтарында сүрінбеудің кепілі.