"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Жүрегім толы мейірім» қайырымдылық шарасының есеп беру концерті өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы хатының негізінде №6-15-3/59 И хаты мен «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің 2019 жылдың 10 қаңтарындағы №60 бұйрығы және «№60жалпы білім беретін орта мектеп» ММ «Қамқорлық» қайырымдылық акциясын өткізу туралы 2019 жылдың 22 қаңтардағы №41 бұйрығы негізінде мектебімізде 2019 жылдың 10 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық шаралары өтті.

Аталмыш шараға мекемелер де, жеке кәсіпкерлер де өз үлестерін қосып, белсенді атсалысты. Сондықтан аталған акциясы қорытындылау мақсатында ақпан айының 8 күні №60 жалпы білім беретін орта мектептің төрінде қайырымдылық акциясының қорытынды кеші өтті.  Бұл концертте акцияға қызығушылық танытып, әлеуметтік категориядағы оқушыларымызға жанашырлық білдіріп, қол ұшын берген жандарға алғыс хаттар табысталып, қорытындыланды.

Атап айтатын болсақ, Ақтөбе қалалық орталық мешіті мектебіміздегі ата-анасынан ажыраған бір оқушымызды былтыр өз қамқорлығына алып, Тұрғын үй жинақ банкінен ашылған есеп шотына 361 000 теңге аударып, оқушының Республикалық жасөспірімдер арасындағы «Дзюдо» спорттық түрінен I орынды қанжығасына байлап келген болатын. Қаланың бас имамы Садиев Амантай және ондық алқа мүшелері Рамазанды құттықтап, 60 000 теңге көлемінде қаржылай көрімдігін беріп, қуанышымен бөлісуге үйіне келіп кетті.

Мектеп ата-аналарынан құралған Қамқоршылық кеңестің шешімі бойынша мектептің демеушілік есеп шотынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық ретінде жалпы көлемі 270 000 теңге аударды. Атап айтатын болсақ, тоғыз оқушының әрқайсысына 20000 теңгеге қысқы киім алып берді және жалпы көлемі 90 000 теңге әр баланың тұрғын үй жинақ банкі есеп шотына 10000 теңгеден аударды.

«Happylon» аттракционы әкімшілігі мектебіміздегі 30 оқушыға тегін және еркін демалуға жағдай жасады. Облыстық «Алақай» қуыршақ театры мектебімізге «Дана табиғат» атты қойылымын ұсынды. Түрлі әлеуметтік категориядағы 310 оқушымыз көрермен болып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.  «Barber shop» ерлер салонының басшысы Костаев Куанышбек Сагинжанұлы мектебіміздегі аз қамтылған 15 оқушыға тегін сертификат тарту етті. Бала ойын дамытуға арналған «Bala_titm_kz» ойыншық дүкені жалпы көлемі 39 000 теңгеге ойыншықтар табыстады. «Кел, балалар» ТОО директоры тұрғын үй жинақ банкіне 50000 тг аударды. Мектептің бес ата-анасы білім алушы бірнеше балаға әр балаға 10000-15 000 теңге көлеміндегі қаражатқа киім-кешек алып берді.

5-9 класс оқушыларының атсалысуымен қайырымдылық акциясы өтті. Оқушылар үйлерінен дәмді тағамдар, тәтті тоқаштар дайындап әкеліп, қолжетімді бағада сатты. Нәтижесінде барлық кластардан түскен қаражат 206 417 теңгені құрады.

Сонымен қатар технология пәні мұғалімдерінің жетекшілігімен технология пәнінде жасалған қолөнер бұйымдары көрмеге қойылып, қолжетімді бағада сатылды. Нәтижесінде 15 800 теңге қаражат жиналды.

Мектебіміздің мұғалімдері мен Нұр Ақтөбе тұрғындарының қатысуымен қайырымдылық футболы ұйымдастырылып, нәтижесінде 37 500 тенге қаржы жиналды.

Мектептің бірінші қабатында орналасқан қайырымдылық жәшігінен 17 500 теңге қаржы жиналды.

Қорыта келе, қамқорлық акциясы аясында  түскен қаражаттың жалпы көлемі – 327 217 теңге. Бұл қаражат мектептің демеушілік есеп шотына аударылды.

–        Ерекше білімді беретін оқушылардың 17 ата-анасына суммасы 54 400 тенгені құраған,  «Логотерапия» кітабы сыйға тартылды;

–        Алматы қаласындағы  ҚР Ұлттық фтизибпульмонология ғылыми орталығында «I категориялы екі көздің туберкулярлық кератоконьюктивиті» диагнозы бойынша ем қабылдап жатырған 5 «Е» класс оқушысы Ғалилова Еркеназдың ата-анасы өтініші негізінде 5 «Е» класс оқушысы Ғалилова Еркеназға «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы аясында мектептің демеушілік шотына түскен қаржыдан 70 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Игілікті шарадан жиналған 153 214 тенге көлеміндегі қаражатты аз қамтылған оқушыларға киім -кешек көмек ретінде беруді былай ұсынамыз.