"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

кезекті түнгі рейд

Нұр Ақтөбе ықшам ауданында орналасқан №60 ЖББОМ ер мұғалімдерінен құралған тәртіп сақшылары аймақтық инспекторлармен бірлесіп, кезекті рейд жұмысын жүргізді. 19.01.2019ж жүргізілген рейд құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушыларымыздың түнгі мезгілде жалғыз жүрмеуі, бөгде адамдармен қарым-қатынаста болмауы, беймезгіл уақытта жүрмеуі қатаң бақыланып, Нұр Ақтөбе ықшам ауданының тұрғындарына, соның ішінде, білім ошағының ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. . Бұл іс-шаралық рейдтің мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, келешегі кемел ұрпақ тәрбиелеуге атсалысу.
Орта адамды қалыптастырады, ал ұрпақ тәрбиесінің жемісі бір күнде немесе бір жылда бермейтіні белгілі. Сондықтан жастар тәрбиесінде қоғамның ықпалы аса зор. Жет­­кіншектердің түнгі уақытта жалғыз өзі жүр­меуін ата-аналар қатаң қа­даға­лауы тиіс. Мұндай шара жас­өспірімдерді әртүрлі құқық бұзушылықтан сақтайтынын ес­тен шығармаған жөн.