"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

тарихы терең мәдени өлкелерге саяхат

Өз еліңнің ұлттық дәстүріне, тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау – кез келген тәрбиенің негізі болып табылады және ең зор ұлттық құндылығымызды көрсетеді. Шыққан тегімізге зор мән беріп қарау арқылы ғана нағыз азаматтар тәрбиелеп, мықты мемлекет құра аламыз.
Осы жағынан алғанда, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы біздің назарымызды мемлекеттің тарихи мұрасына, оның тарихи кеңістіктегі өзектілігі мен маңызы тұрғысынан қарауымызға назар аудартады. Мақаланың мағынасы тереңде екені сөзсіз. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтқаны секілді кезекті рет ұлттық тарихымыздың әлемдік өркениеттегі орны мен рөлін бағамдауға шақырады. “Ұлы даланың жеті қыры” бағдарламасын жүзеге асыру аясында, көктемгі демалыс кезінде мектебіміздің 9 “Б” сынып оқушылары класс жетекшісі – А.С.Кужахметовамен еліміздің тарихи қалалары – Сауран, Отырар және түркі елінің бесігі, киелі Түркістан қаласына барып келді. Оқушылар ортағасырлық сәулет өнерінің теңдесіз жарқын үлгілері – Қожа Ахмет Иасауи кесенесін, Арыстан баб кесенесін, Отырар мемлекеттік мұражайын, Үкіаша бейітін, Домалақ Ана кесенесін, Отырар, Сауран қалаларының ескі орнын, Ақмешіт үңгірін тамашалап, тарих қойнауынан сыр шертер өлкелермен танысты. Тарихи орындардан кейін Шымкент қаласының “Бәйдібек батыр” және дендрологиялық саябақтарына саяхат жасады.
Бұл экскурсияның танымдық қызметімен бірге тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық мәні де зор болды. Тарих саласы мен ой-танымдық мәдениетіне және шынайы тәжірибе алмасуға бағытталған бұл саяхат көпке үлгі болары сөзсіз.


.