"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мектебімізде “Зорлық-зомбылық және қатігездіктің алдын-алу” атты айлық жоспары бекітілді

2018 жылдың 14 сәуір күні #60ЖББОМ педагогикалық ұжымында кезекті өндірістік кеңес өтті. Өндірістік кеңестің дәстүрлі марапаттау кезеңі бойынша мектеп директоры А.А.Тажимишев сөз алып, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.М. Макашевты облыстық деңгейдегі жүлделі орнымен құттықтады. Сонымен бірге, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – “Зорлық-зомбылық және қатігездіктің алдын-алу” тақырыбы нақты қаралып, мектеп психологі – Н.А.Изгалиева зорлық-зомбылықтың тұрмыстық жағдайда тікелей әсер ететінін алға тартып, оқушылардың жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауын қамту және басқа әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, саналы азамат болып өсуіне ықпал ету – ұстаздық қызметтің басты міндеті екенін атап өтті. Қаралған мәселе негізінде мектеп басшылығы “Зорлық-зомбылық және қатігездіктің алдын-алу” атты айлық жоспарының өтетінін хабарлап, бекітті. Мемлекетіміздің тұрақты дамуындағы ең басты құндылық – ар-ождан бостандығы, сол себепті қауіп-қатерді азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа баулып, күнделікті өмірде қауіпті жағдайлардың алдын-алу шараларын жүргізуді алға қою қажеттілігі нақты талқыланды.