«Адалдық жүрген жерде адамдық жүреді» және «Адал жол – адал ұрпақ бастауы» – демекші, адам бойында қалыптасқан адалдық ұғымы қашан да адамның бойында адамгершілік пен жауапкершілік қасиеттерін нығайтады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасына сәйкес, Ақтөбе облысының мемлекеттік органдарында «Адалдық дүкендері» ашылуда.
мәліметтерге сүйенсек, соңғы үш айда Қазақстанда 3 мыңнан астам адалдық дүкені ашылған екен.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов айтты.
«Сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуда қоғамдық сананы өзгерту маңызды. Бұл бағытта сатушысы жоқ “Адалдық дүкендерінің” ашылуы үлкен жаңалық болды. Дүкенге еш бақылау жасалмайды және тауар алған адам да ақшаны өз еркімен төлеп кетуі тиіс. Осылайша, адамдардың бойында моральдық қасиеттер дамиды, парасаттылық қалыпты өмір салтына айналады», – дейді Олжас Бектенов.
«Адалдық дүкендері» өсіп келе жатқан ұрпақ бойында адалдық қасиеттерін нығайта отырып, білім ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізетіні анық.
Жобаның мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және азаматтарды адалдыққа баулу. Осы мақсатта, білім ордамыз – №60 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІНДЕ «Адалдық дүкені» жұмыс жасауда. Дүкенде қолжетімді бағадағы оқу-құралдары сатылымда тұр. Бұл жерде сатушының болмауына байланысты өзіне-өзі қызмет ету жұмысы ұйымдастырылған. Алынатын тауарды оқушы өзі таңдап алады да, төленетін ақшаны жанындағы терминалға (қорапқа) салып кетеді. Мұндай әрекеттер оқушылардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеуге бағыттайды. Сонымен қатар, өзінен кейінгілерге де, үлкендерге де өнегелі, үлгілі іс болары анық. Бұл жобаны жүзеге асыруда қоғамдағы жемқорлықпен күресуге, жастарды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу мәдениеті көзделіп отыр.