"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“Озық тәжірибе тарату – педагог мәртебесі”

Қай ғасырда да ұстаз атаулының шоқтығы биік болған. “Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» – деп,  Абай атамыз айтқандай, 2019 жылдың 29 сәуір күні  #60 ЖББОМ төрінде білім ордамыздың  үлгілі ұстазы Нұрмахан Ләззат Қайырханқызының “Озық тәжірибе тарату – педагог мәртебесі” атты шығармашылық кеші ауқымды түрде аталып өтті. Аталмыш кешке Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жұбаева С.О. және Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары Шалабаева Ж.Б. қонақ болды. Мектептің кейінгі буын жас мамандарға  үлгі боларлық биік тұлғалы, озық ұстаз  Нұрмахан Лəззат Қайырханқызына арнап, “Мұғалім болу – ол… ” тақырыбы аясында дөңгелек үстел және “Əр тұлғаның өткені бар ” тақырыбында сұхбат ұйымдастырылды.  Жақсы ұстазға кез болып, тәлім- тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай жүретініне сенімді Л.Қ.Нұрмахан оқушыларына білім көзін үйретуде тәрбиеден бастау алатынын алға қойған.