"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен – Ақтөбе!

Үш ғасырдың куәсі болған құтты мекеннің тамыры сонау ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарында жатыр. ХІХ-ХХ ғасырларда негізі қалану, қалыптасу, даму дәуірлерін басынан өткерген шаһар ХХІ ғасырды өркендеумен, гүлденумен бастады. Бүгінгі Ақтөбе — ғасырлармен бірге өскен, уақытпен бірге өркендеген, заман талабына сай өркениеттің барлық игілігін пайдаланып отырған және миллион тұрғыны бар алып қалаға айналуға бет бұрған қала. Тұнған шежірелі тарихымен өркенін жайып келе жатқан құтты мекеніміз Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерей тойы құтты болсын! Бүгінгі туған өлке тарихынан сыр шертер мерекелік этафета “АҚТӨБЕГЕ 150 ЖЫЛ” ЧЕЛЛЕНДЖІ @60zhbbom-да. ЧЕЛЛЕНДЖ ЖАЛАУЫН @60zhbbom №15 орта мектептен қабыл алып, салтанатты түрде №6 орта мектепке жолдаймыз!
Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен – Ақтөбе!
Шарықтап, көркейе бер, туған өлке – Ақтөбе!

ТӘРБИЕ БӨЛІМІ