Бүгін, 2019 жылдың 13 желтоқсан күні «2019-2020 оқу жылының ең үздік ата-ана комитеті» байқау-марафонның жалғасы ретінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне, Егемендігіміздің 28 жылдығына орай 5-11 класс ата-аналары арасында “МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН” атты патриоттық әндер байқауы өтті. Байқау бойынша 65 қатысушының 3-легі (5-11 класс ата-аналары), бүгін сахна төрінде өз өнерлерін паш етті. Әр класс ата-аналары патриоттық әндер тақырыбында, атап айтсақ, Отан, туған жер, батырлар туралы әндер шырқалып, салт-дәстүрлерден үзінді, балалардың оқу-спорт-өнер жетістіктері көрсетіліп, жекелей, топтық әндер жоғары деңгейде орындалды. Халық жүрегінен орын тапқан, жұртшылыққа танымал әндер мен қазіргі заманғы патриоттық әндер де шырқау шыңына жеткізіле шырқалды. Қатысушылардың сахна мәдениеті, ән таңдауы, креативтілік шеберлігін ескере отырып, мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес, жалпы мектептік ата-аналар, кәсіподақ комитеті төраға/төрайамдарынан құралған әділ-қазылар алқасы өз бағаларын берді. Мерекелік іс-шараны тамашалауға келген ата-аналар мен ұстаздардың көңілдері көтеріліп, көрермендердің бойларына күш құйылғандай рухани демалыс сыйлады. Қатысушы ата-аналардың да мектеп өміріне, бала тәрбиесіне деген жанашырлығы мен белсенділігі мектеп ұжымын тәнті етті.
#60zhbbom
#60zhbbom_live
#ҮздікАтаАнаКомитеті
#МарафонБайқау
[ngg src=”galleries” ids=”19″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]