"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

№60 жалпы білім беретін орта мектеп

2019 жылдың 26 қазан күні басталған «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «2019-2020 оқу жылының ең үздік ата-аналар комитеті» байқау-марафонының жалғасы ретінде 29 – 30 қараша күндері ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ күніне орай “МЕН ӨЗ ЕЛІМНІҢ ПАТРИОТЫМЫН” атты патриоттық әндер бөлімінде өз жалғасын тапты.Ел азаттығына арналған бұл шараның мақсаты – ата-аналарды жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеп, олардың бойында отансүйгіштік қасиетін қалыптастыруға тарту, тәрбие ісіне мектеп ұжымымен бірлесе, үлес қосу, еліміздің мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге үндеу болды. Байқауға өтініш берген 65 қатысушының 2-легі бүгін сахна төрінде өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті. Кеш барысында ата-аналар белгілі композиторлардың патриоттық рухта жазылған әндерін шырқады.  Туған еліне деген риясыз сезімдерін «Қазақ елі», “Атамекен”, “Мен – қазақпын!”, “Туған жер”, “Алға, қазақ жігіттері!”, “Қазақстан”, “Елім менің”, “Отаным”, “Көк тудың желбірегені” сияқты әндерді орындау арқылы жеткізді.
Елордамыз – Халық жүрегінен орын тапқан, жұртшылыққа танымал әндер мен қазіргі заманғы патриоттық әндер де ерекше орындалғанына куә болдық. Қатысушылардың сахна мәдениеті, ән таңдауы, креативтілік шеберлігін ескере отырып, мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңес, жалпы мектептік ата-аналар, кәсіподақ комитеті төраға/төрайамдарынан құралған әділ-қазылар алқасы өз бағаларын берді. Мерекелік іс-шараны тамашалауға келген Нұр Ақтөбе ауданының тұрғындары мен мектеп ұжымы да ән тыңдап, демалыс алдында ерекше көңіл -күйде болды.
#60zhbbom
#60zhbbom_live

[ngg src=”galleries” ids=”20″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]