"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“ҮЗДІК АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ” БАЙҚАУ-МАРАФОНЫ

2019 жылдың 26 қазан күні, «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «2019-2020 оқу жылының ең үздік ата-аналар комитеті» байқау-марафоны басталды. Аталған байқау-марафонға 2019-2020 оқу жылындағы 1-11 класс арасындағы 134 класс-комплектінің ішінен 65 класс ата-аналар комитетінің төрағасы-төрайымы өтініш білдіріп, өз ерік-қалауларымен қатысуда. Мектептің қоғамдық-мәдени тыныс-тіршілігіне белсене араласатын ата-аналар комитеттерінің белсенділігі мен жұмысын ынталандыру және шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында «№60 жалпы білім беретін орта мектеп» басшысы Тажимишев Абзал Амантайұлының бастамасымен басталған байқау-марафон 2019 жылдың қазан айында басталып, 2020 жылдың мамыр айына дейін әр айға 8 іс-шарамен жалғасады. Байқау-марафонның қорытындысы 2020 жылдың 25 мамыр күні соңғы қоңырау салтанатты жиынында жарияланады. Нұр Ақтөбе мөлтек ауданының тазалығын сақтау, абаттандыру, мектеп аймағына қарасты үй-жайлардың алаңқайларына тазалық-сенбілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, Нұр Ақтөбе мөлтек ауданын көркейту мақсатында байқау-марафонның алғашқы шарасы – «Ақтөбе-өз қалам» атты тазалық акциясымен бастау алды.
Байқау-марафонның жалпы жүлде қоры: 4 000 000-ға дейін теңге.
ГРАН–ПРИ – кабинетке интербелсенді тақта (жинақпен), ата-аналар комитетінің құрметіне Атаулы класс кабинет және мектепте Атаулы бұрыш беріледі.
I орын (1 жүлделі орын) – кабинетке жинақтағы видеопроектор (қозғалмалы экранмен компьютер).
II орын (2 жүлделі орын) – кабинетке LED теледидар (диагоналы 49 см).
III орын (3 жүлделі орын) – кабинетке LED теледижара (диагональ 43 см)
Номинация-3: жұбаныш сыйлығы
Барлығы:1-4,5-11класс бойынша жара марапаттау: 14 жүлделі орын, 6 номинация. АТАЛМЫШ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ АТА-АНАЛАРДЫҢ ӨЗ БАЛАЛАРЫ ОҚИТЫН КЛАСС КАБИНЕТТІ ЖАБДЫҚТАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕ ҚАЛАДЫ. БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА БЕРІЛЕТІН БАРЛЫҚ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚТАР МЕКТЕПТІҢ ҚАББҚ ЕСЕБІНЕН ТАБЫСТАЛАДЫ. ҚАТЫСУШЫ АТА-АНАЛАРЫМЫЗҒА МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІ АТЫНАН АЛҒЫС АЙТА ОТЫРЫП, СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
#ҮздікАтаАналарКомитеті#БайқауМарафон
#60zhbbom 

#60zhbbom_live