"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ-ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

2020 жылдың 24 қаңтар күні аралық және ІІ ауысым кластары үшін ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында 2-тоқсанның білім сапасы, оқушылардың үлгерімі, І жартыжылдық бойынша оқушылардың жетістіктері туралы, жасөспірімдер арасындағы жыныстық қол сұғушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мәселелері көтерілді. Әрі қарай, оқушылар үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығы талқыланып, ата-аналарға бала өміріне аса қауіпті – СНЮС жайында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектептің ішкі тәртіп ережесін негізге ала отырып, ұялы телефон, бағалы заттар, 200 теңгеден артық ақша әкелуге болмайтындығы, мектеп ғимараты ішінде балалардың сақтық-қауіпсіздік шараларын қатаң ұстануы жайында ескертілді.

[ngg src=”galleries” ids=”63″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]