2019 жылдың 24 желтоқсан күні N60 жалпы білім беретін орта мектепте “Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы N83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы” 12.04.2018 жылғы N152 бұйрығына сәйкес педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау комиссиясының кезекті отырысы өтті.
2019 жылдың тамыз айында педагог-модератор санатына өтініш беріп, ұлттық біліктілік тестілеуден сәтті өткен 4 мұғалім аттестаттау комиссиясының алдында өз жұмыстарының нәтижелерін қорғады. Олар: 1. Жумаева А.Т. – бастауыш класс мұғалімі; 2. Канаева Б.Е. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі; 3. Ибатова Р.Б. – орыс тілі пәнінің мұғалімі; 4. Жаймаганбетова А.Н. – технология пәнінің мұғалімі.
Мектепішілік аттестаттау комиссиясы аттестатталушы мұғалімдердің құжаттарын зерделеп, “өтініш берген біліктілік санатына сәйкес” деген шешімге келді. Өз жұмыстарын комиссия алдында қорғаған мұғалімдерге комиссия төрағасы мен мүшелері тарапынан бірқатар тапсырмалар бер