"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

“САҒЫНАДЫ МҰҚАҢДЫ, СЫЗДАП ЖҮРЕК”

Ақпан айы – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегін осыде берік орныққан. «Ақынмын деп мен қалай айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіңе қайтарамын»- деп жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың көпшіліктің махаббатына бөленген  Мұқағали Мақатаевтың поэзиясына арналған «Сағынады Мұқаңды сыздап жүрек» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырылды. Кештің мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. 
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай  Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне кеште оқылған ақынның жыр шумақтары, көрсетілген көріністер, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер оқырмандары куә болды.Бүгінде Мұқағали мұрасы- көпшіліктің жүрегінен орын ала білді.
Қалай десек те,Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

[ngg src=”galleries” ids=”80″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]