Ұрпаққа тәлім беруде, білім сапасын жақсарту жолында, мектеп, ата-ана және оқушы үштік одақ болып жұмыла белсенділік таныту оң нәтижеге қол жеткізері сөзсіз. Осы орайда мектеп және ата-ана байланысын жүйелі жолға қойып, ынтымақтастықты нығайту мақсатында мектеп жұмысының жоспарына сәйкес 3-4 класс ата-аналары үшін 27-28 ақпан күндері “Ашық есік” күніне шақырамыз!