Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады.
Осыған орай орта білім беру ұйымдарында оқитындарды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбие алатын және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарлар сатып алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығы мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы негізінде 2019-2020 оқу жылындағы №60 жалпы білім беретін орта мектебінде тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын бақылайтын комиссия құрамы бекітілді. Комиссия құрамы айына бір рет тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеріп, мониторинг жүргізіп келеді.
Мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамту кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бракераждық және тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы:
2019-2020 оқу жылы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан, мектеп тарапынан қаржылай және материалдық көмек алуға құқығы бар 578 (бес жүз жетпіс сегіз) оқушының тізімі анықталып, педагогикалық кеңестің қаулысы негізінде мектеп директоры бұйрығымен бекітіліп, ыстық тамақпен қамтылуда.
Қазіргі таңда жалпы мектеп оқушыларының 16% тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Комиссия құрамы “Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығының 7-тарауында көрсетілген Объектілердегі тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
№ | Тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар | Тексеру нәтижесі |
1 | Объектілердің ас блогтарына Санитариялық қағидалардың талаптарына қайшы келмейтін бөлігінде қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын нормалау құжаттарының талаптары қолданылған. | Талапқа сай |
2 | Тамақтандыру нормалары (“брутто” массасында) “Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін | Талапқа сай |
3 | Объектіде перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) екі апталық мәзір жасалып, бекітілген. Мәзірді әзірлеу кезінде білім білім алушылардың жас санаты ескерілген, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдері көзделген; | Талапқа сай |
4 | Мәзірде бірдей тағамдарды немесе аспаздық өнімдерді бір күнде және келесі екі-үш күнтізбелік күнде қайталауға жол берілмеуі ескерілген; | Талапқа сай |
5 | Күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай және (немесе) бидай наны, көкөністер және қант енгізілген. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі-жеті күнтізбелік күнде бір рет енгізілген; | Талапқа сай |
6 | Сусыннан (компот, кисель, шай және шырындар) тұрады. Жұмыртқаны, шырындарды, жемістерді, сары маймен немесе ірімшікпен бутербродтарды таңғы асқа енгізуге немесе жеке қабылдауға жол берілмеуі ескерілген; | Талапқа сай |
7 | Күн сайын тамақ ішетін залда объектінің басшысы бекіткен мәзір ілінеді, онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарында көрсетілген атауларға сәйкес келуі тиіс. | Талапқа сай |
8 | Тамақ өнімдерін және азық-түлік шикізатын қабылдау Санитариялық қағидалардың 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес деректер тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына енгізіле отырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар бар болған жағдайда жүзеге асырылуын мектеп медбикесі С.Садуова қадағалайды. Тамақ өнімінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоғамдық тамақтану ұйымында сақталған. | Талапқа сай |
9 | Оқушылар ас блогының өндірістік үй-жайларында болуына және оларды тағам дайындаумен, көкөністерді тазалаумен, дайын тағамды таратумен, нан тураумен, ыдыс жуумен, өндірістік үй-жайларды жинаумен байланысты жұмыстарға тартуға жол берілмейді. | Талапқа сай |
10 | Сусындарды құю тікелей тұтынушының ыдысына (стақандарға, бокалдарға) жүзеге асырылады, тарату алдында ортақ ыдысқа құюға жол берілмейді. | Талапқа сай |
11 | Тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері және оларды сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) белгілеген жарамдылық мерзімдеріне сәйкес келеді. | Талапқа сай |
12 | Тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтау температурасы төмен тоңазыту жабдықтарында және (немесе) тоңазыту камераларында және (немесе) тоңазытқыштарда жүзеге асырылған. Температураны бақылау үшін термометрлер орнатылған, олардың құжаттары сақталған. | Талапқа сай |
13 | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығының 7-тарауының 119-тармағында көрсетілген Тәрбиелеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтану ұйымдарында тиым салынған тағам түрлерін қолданбау ескерілген. | Талапқа сай |
14 | Күн сайын медицина қызметкері С.Садуова Санитариялық қағидалардың 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіп отыр. | Талапқа сай |
15 | Тамақтану сапасын мерзімдік бағалауды бракераж комиссиясы жүргізеді | Талапқа сай |
16 | Күн сайын ас блогында аспазшы нақты ас мәзіріне сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырып отырады. Сынамаларды қақпағы бар таза (қайнатылып өңделген) шыны ыдысқа (гарнирді бөлек ыдысқа салады) алады және +2°С-тан +6°С-қа дейінгі температурада тоңазытқышта арнайы бөлінген орында сақтайды. Тәуліктік сынаманы келесі күні немесе демалыстан кейінгі күні (демалыс күндерінің санына қарамастан) дайындалған тағаммен ауыстырғанға дейін кемінде жиырма төрт сағат сақтайды | Талапқа сай |
№60 жалпы білім беретін орта мектеп асханасында тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталған.
Комиссия құрамы Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптардың орындалуын нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылып, жүйелі жүргізіліп отырады. Тексеріс нәтижесі төмендегідей:
№ | Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптардың | Тексеру нәтижесі |
1 | Персоналдың еңбек жағдайын және жеке гигиена қағидаларын сақтауына жағдай жасалған. | Талапқа сай |
2 | Ас блогының жұмыскерлері, техникалық персонал арнайы киіммен (халат немесе шалбары бар күрте, бас киім, аяқ киім) қамтамасыз етілген. | Талапқа сай |
3 | Асхана жұмыскерлері жеке және өндірістік гигиенаны сақтайды: қолдың тазалығын бақылайды, таза арнайы киім мен аяқ киім киеді, объектіден шығу және дәретханаға бару алдында арнайы киімін шешеді, жұмыс басталу алдында және дәретханаға барғаннан кейін, сондай-ақ жұмыстағы әрбір үзілістен соң және лас заттармен жанасқанда қолдарын сабынмен жуады. | Талапқа сай |
4 | Білім беру объектілерінің асхана жұмыскерлері жұмыс басталу алдында шаштарын орамалдың немесе қалпақтың астына жиналған, зергерлік бұйымдарды, сағаттарды және басқа да сынатын заттарды пайдаланбайды, тырнақтарын қысқа етіп қияылған және лакпен боялмаған. | Талапқа сай |
5 | Асхана қызметкерлерінің өндірістік үй-жайларға арнайы киімсіз кіруіне және оның үстінен өзге киімді киюіне жол берілмеуі ескерілген. Арнайы киім жеке заттарынан бөлек сақталған. | Талапқа сай |
6 | Шикізат пен дайын өнімге бөгде заттардың түсуін болдырмау үшін өндірістік үй-жайларда ұсақ шыны және металл заттарды (технологиялық мүкәммалдан басқа) әкелуге және сақтауға, арнайы киімді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалталарында жеке заттарды сақтауға жол берілмеген. | Талапқа сай |
7 | Қол жуу үшін ыстық және салқын су өткізілген қол жуатын раквиналар, қол жууға және құрғатуға арналған құралдар орнатылған. | Талапқа сай |
8 | Тамақ ішу қатаң түрде бөлінген жерлерде рұқсат етілген. | Талапқа сай |
9 | Мектеп асханасында мұғалімдерден кестеге сай кезекшілер белгіленген. | Талапқа сай |
Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптар орындалып жатыр.
Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылар мен олардың ата-аналарының ой-пікірін, талап-ұсыныстарын білу мақсатында онлайн түрінде сауалнама жүргізілді.
Сауалнама
Қатысқан оқушылар саны-578
Өткізілген мерзімі: 2020 жыл, 22-23 қаңтар.
Сауалнама қорытындысы төмендегідей пайыздық көрсеткіштерді көрсетті:
Иә – 100% Жоқ – 0%
Иә – 98% Жоқ – 2%
Иә – 100% Жоқ – 0%
Иә – 95% Жоқ
Ыдыс-аяқ (тәрелке, кесе т.б.) – 74 (40,2%)
Жиһаздар (үстел, орындық т.б.) – 52 (28,3%)
Асхананың жарықтандырылуы және безендірілуі – 66 (35,9%)
Тамақтануды ұйымдастыру (үстел жасау) – 61 (33,2%)
Гигиеналық талаптар мен шарттарды ұстану – 65 (35,3%)
Асхана қызметкерлерінің қызмет көрсетуі – 105 (57,1%)
Сауалнаманы қорытындылайтын болсақ, мектепте тамақтануды ұйымдастыру, асхана тазалығы, тамақтану кестесі, күнделікті ас мәзірі, мектептегі тамақтану сапасы бойынша жоғары пайыздарды көрсетіп, бұл сұрақтар бойынша мәселелердің жоқтығы нақтыланды. Бірақ кейбір мәселелер бойынша көңіл аударып, алдағы уақытта ескеретін тұстар да бар. Мәселен, сауалнамаға жауап берген оқушылардың 34%-ы оқушылардың тамақтануға уақыттың жетіспейтіндігі көрсеткен. Бұл орайда оқушылардың тамақтану уақытын реттеу қажеттілігі бар.
Тамақтануды ұйымдастыруды тексерудің қорытындысынан байқағанымыздай, мектеп асханасы талапқа сай жұмыс жасайды.
Мектеп асханасында тамақтану жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталған.
Комиссия құрамы Өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын талаптардың орындалуы нормалау құжаттарының талаптарына сәйкес келеді.
ҰСЫНЫСТАР