"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Мектеп пен отбасы бірлігі – болашақ ұрпақ тірлігі

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп Әбунасыр әл –Фараби айтқандай, тәуелсіздік тұтқасын ұстар тәуелсіз елдің ұландарының білімі мен қатар тәрбиесі де әрдайым басты назарда. Баланың жан-жақты толыққанды дамыған тұлға болып қалыптасуына мектептің де, ата–ананың тәрбиесінің де маңызы зор. Мектепте алған тәрбиесі мен отбасынан алған үлгісін өміріне азық ете білсе, ХХІ ғасыр игілігіне жарата білсе –зор қуаныш. Осы мәселеге орай 28 ақпанда № 60 жалпы білім беретін орта мектепте 3-4 кластарға «Ашық есік» күні өткізілді. Оқыту үдерісіндегі жаңашыл бастамалар мен инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа көзқарасты оқушы даярлауда ата-аналардың ықпалын, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруды мақсат еткен бұл шараға көптеген ата-аналар тартылды. Мектеп мұғалімдерінің өзара тәжірибе бөлісіп, өз білімі мен білігін сынау үшін ұйымдастырылған сабақтарда ата-аналардың белсенділікпен қатынасуы іс-шараның көрігін қыздыра түсті. Алтын уақыттарын бөліп ат салысқан ата-аналарға АЛҒЫС білдіреміз!