Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде талмай еңбек етіп жүрген класс жетекшілердің шеберлігін байқау мақсатында #60ЖББОМ-да мектепішілік «Үздік класс жетекшісі – 2020 » байқауы өтті. Жаңа үрдістегі техника тілін білетін, оны жақсы меңгеретін, егемен еліміздің ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір жаңашыл класс жетекшінің міндеті. Ал мектепте тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, ол – класс жетекші. Класс жетекшінің жаңашыл тәжірибесін анықтап, таратуды, жаңа бастамаларына қолдау көрсетуді мақсат тұтқан бұл байқауға 7 үміткер қатысты. Үміткерлер өзара 3 кезең бойынша сайысқа түсіп, бақ сынасты. Сайыс барысында әр мұғалім кәсіби педагогикалық шеберліктерін, оқушыларды тәрбиелеу жұмысын ұйымдастырудың озық әдістерін паш етіп, шығармашыл ұстаз екендіктерін дәлелдеді. Әділ-қазылар алқаларына әділ баға беруге және жүлдеге лайық жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Байқаудың қорытындысына келер болсақ:
1-орын: 5 Ғ класс жетекшісі – Уразова Жадыра
2-орын: 6 В класс жетекшісі – Канаева Базаргүл
3-орын: 3 М класс жетекшісі – Нұғман Ақарыс, 1 С класс жетекшісі – Умралина Алтыншаш иеленді.
4 Н класс жетекшісі – Мырзабаева Тоты, 9 Д класс жетекшісі – Ешова Ақерке, 3 Е класс жетекшісі – Мырзагарина Нұргүл атаулы номинациялармен марапатталды. Құттықтаймыз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін класс жетекшілік қызметтеріңіз тек өрлеу мен өсуге бастасын!!!
[ngg src=”galleries” ids=”101″ display=”basic_thumbnail” thumbnail_crop=”0″]