"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Құрметті #60ЖББОМ Ұстаз-Аналары, әйел қызметкерлер, жанашыр аналар, мейірімді әжелер, әдемі арулар және қаракөз қарындастар мен оқушылар! Сіздерді шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Осынау жарқын мерекеде әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бірлік-береке мен кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін аяулысыздар, құрметтісіздер!Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпең, мектеп директоры Абзал Амантайұлы