Қадірлі ардагерлер, Нұр Ақтөбе ауданының тұрғындары, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Баршаңызды 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – Отан үшін от кешіп, қайсарлықпен шайқасқан, Жеңіс туын желбіреткен батырларымыздың ерлігіне бас иетін күн. ⚘⚘⚘
1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 75 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ауыр күндердегі адал еңбектері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін бас иіп, алғыс білдіремін! Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі.
Осы мереке қарсаңында Сіздерге шын көңілден мызғымас денсаулық, тіршіліктің ұзақ та жарқын, алаңсыз күндерін, жан шуағын, отбасыларыңызға ізгіліктер мен игіліктерді тілеймін! Табыстар мен сәттіліктер мол, бейбітшілігіміз баянды болсын!
Шынайы құрметпен, #60 жббом директоры Абзал Амантайұлы.