"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Оқу жылының аяқталуымен құттықтау!

Құрметті ұстаздар мен зейінді оқушылар, ардақты ата-аналар! Сіздерді 2019- 2020 оқу жылының аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мектеп бітіруші түлектерге даңғыл жол, жаңа мүмкіндіктер ашатын жарқын мереке. Ал мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналып отыр. Түлектерімізді алда білім сынағы күтіп тұр, сол сынақтан абыроймен өтіп, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға ізгі тілегімді арнаймын. Қуанышқа бөлер сәттер мұнымен шектелмей, 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша білімімен оза шауып, дарынымен дараланған, мектептің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысқаны үшін шәкірттерімізге алғысымды айтамын!
 Зор ілтипатпен, мектеп директоры Абзал Амантайұлы!