Құрметті балауса балғындар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісіне не жетсін?! Осы мерекеде сендерге қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, ел мақтаныштары болуларыңа тілектеспін! Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жас қазақстандықтардың келешегі кемел болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан да сыңғырлаған күлкі тілеймін! Игі тілекпен, мектеп директоры Абзал Амантайұлы