Алғашқы қоңырау!
Қуаныш тербеп көңілді, Жүздерден алау төгілді.
Тыңдашы сыры мол үнді,
Алғашқы қоңырау соғылды.
Құшаққа гүлдер көмілді,
Шуаққа мектеп шомылды.
Құттықтап ұстап қолыңды,
Алғашқы қоңырау соғылды.
Бүгінгі күн мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін ерекше күн болды.1класқа қабылданып, қуаныштан жүздері жайнап, алғашқы ұстаздарымен танысты.
Әлемде болып жатқан пандемия кезінде мектеп ұстаздары кезекші сыныптарға қабылданған жас оқырмандарды құшақ жая қарсы алып, санитарлық-эпидемиологиялық норманы ұстануды да естен шығармады. Бетперде тағынған балаларды мектеп алдында медбикелер дене қызуын өлшеп, антисептиктермен дезинфекция жасап, бактерияға қарсы арнайы төсеніштер арқылы сынып кабинеттеріне кіргізді.