"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Білім күнімен құттықтау!

Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар және ата-аналар! Сіздерді  дәстүрлі Білім күнімен,  жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын! Әлемдік пандемия білім беру саласына, күнделікті тыныс-тіршілігімізге өзгерістер алып келді. Алайда, балаларымыздың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығы – қашан да маңызды, басты құндылық! 
Құрметті ата-аналар!  Сіздердің қолдауларыңыз, балаларыңызға үйде отырып білім алуға жағдай жасауларыңыз қашықтан оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Білім бәсекесі заманында  бірлескен еңбегіміз балаларымызды  білім шыңына жетелейді.
Құрметті ұстаздар! Сіздер қиын жағдайға қарамастан, оқушыларды білім нәрімен сусындатып, оқыту барысында тынымсыз еңбек еттіңіздер. Жаңа оқу жылында шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Зейінді оқушылар, қашықтықтан оқыту жағдайында жауапкершілікті ата-аналарыңмен теңдей бөлісіп, тәртіпті және алғыр бола білдіңдер. Енді, міне, білімге деген құштарлықтарыңды жоғалтпай, оқу жылын сәтті бастауларыңды тілеймін. Осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашан да асығыңдар!
БАРШАҢЫЗҒА БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !
Игі тілекпен, Абзал Амантайұлы.