Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар және тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» бойынша 2019-2020 оқу жылында № 60 жалпы білім беретін орта мектебінде төмендегідей жұмыстар жүргізілді:
2019 жылдың 9 қыркүйегінен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы көмек алатын тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып, бекітілді.
2019-2020 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтары бекітілді. Мемлекеттік бюджет есебінен тегін берілетін ыстық тамақтың жоспары дайындалып, ыстық тамақтың ас мәзірімен, кезекшілік кестесі бекітілді.
Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл ыстық тамақтың бағасы 430 (төрт отыз) теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары (туу туралы куәлігі, мемлекеттен атаулы көмек алатыны жөнінде анықтама, неке қию куәлігі, өтініш, қол хат) жинақталды.
1-11 сынып аралығынан мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған 587 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.Қамқоршылықтан 9 оқушы, мемлекеттік атаулы көмек алатын 195 оқушы, 383 оқушы аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар.
1 ауысымды – 190 оқушы тамақтанса, ІІ ауысымда – 131 оқушы, ІІІ ауысымда – 266 оқушы тамақтанды.
Асхананың санитарлық-гигиеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылды.Тамақтануға келген оқушылар күнделікті журналға белгіленіп отырады. Арнайы бекітілген екі апталық ас мәзірі әр дүйсенбі сайын ілініп отырады. Үнемі асханадағы азық түлік сапасын сақтау, мерзімін қадағалау, оқушылардың сапалы тамақтануын қадағалау, ас мәзірінің дұрыс жасалуын тексеру, тамақтың пайдалы өнімдерден жасалуын қадағалау үшін құрылған комиссия мүшелерінің жұмысына акт жасалып, анықтама жазылды. Тегін тамақ ішетін оқушылардың құжаттары жинақталып папка жасақталды. Жоспарға сәйкес әр сыныптың әлеуметтік картасы жасалып, соған сәйкес мектептің әлеуметтік паспорты жасалып бекітілді.
Әлеуметтік педагогтар