"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Инклюзивті білім беретін мектептерде психологтың психологиялық түзету – дамыту сабақтарың мазмұны

Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

         Инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.

   Ақтөбе қаласы, №60 мектепте  ерекше қажеттілігі бар оқушы 29 инклюзивті сыныптарда білім алады. Оқушылардың басым көпшілігі БЦП диагнозымен туылған балалар және құлағы нашар еститін оқушылар. Бұнымен қатар балалардың қосымша психологиялық дамуы тежелген, дизартрия, жалпы сөйлеуі бұзылған деген сияқты қосымша диагноздары бар. Аталған оқушыларға мектепте психологиялық қолдау қызметі ұйымдастырылған. Онда барлық бағыттарына жетекшілік ететін педагогтар, логопед, психолог маманы жұмыс атқарады. Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – ерекше қажеттілігі бар балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Оның ішінде психологтың балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:

Психолог диагностиканы төмендегі бағыттар бойынша жүргізеді: 

  • Жалпы және ұсақ моторикасының дамуын диагностикалау
  • Оқушының мектепке дайындығын анықтау. (1 сыныптар үшін)
  • Оқушылардың оқу мотивациясын тексеру
  • Оқушылардың танымдық қабілеттерін анықтау (зейін, ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау деңгейі)
  • Сөйлеу ерекшеліктері;
  • Өзін-өзі бағалауы;
  • Ерік-жігері;
  • Қарым-қатынасқа түсу қабілеті;

Түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асады.

*Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;
*Сенсорлы қабылдауды дамыту; (уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);
*Салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;
*Зейіннің тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту;
*Көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
* Психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.

      Алынған диагностика нәтижесі бойынша балаға жүргізілетін түзету-дамыту жұмысының бағыты анықталып, бағдарлама түзіледі. Бағдарламада баланың жеке бас ерекшеліктері мен қабілеттері ескеріліп сабақ жоспары жасалады. Түзету-дамыту сабақтары оқушының сабақтан бос уақытында өтіледі. Түзету-дамыту сабақтарының ұзақтығы 20-35 минут (оқушының зейін тұрақтылығына және төзімділігіне байланысты).

          Қорытындылай келе, педагог-психолог ППҚ маманы ретінде оқушының мектепке, оқу процесіне бейімделуіне, әлеуметтік ортаға сіңісуіне қолдау көрсетеді. Ал, психологиялық түзете-дамыту сабақтары оқушының танымдық қабілеттерін дамытуға, оның сөздік қорын молайтуға және сыныптастарымен, мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуға септігін тигізеді.