Ақтөбе қаласы білім бөлімінің 2017 жылғы 25шілдедегі №731 бұйрығына сәйкес , мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін, көп балалы, аз қамтылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін көмек көрсету мақсатында 01.08-30.09.2019 аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Аталған акция барысында мектепішілік іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай мектептегі әлеуметтік аз қамтылған оқушылар тізімі жасалып, көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. «Мектепке жол» акциясы бойынша ата-аналар,класс жетекшілер,сыртқы кәсіпорындарының демеушілігімен 90 оқушыға (мектеп формасы,оқу-құралдары,аяқ киім т.б.) көмек көрсетілді. Ақтөбе қаласының «Хазрет-Досжан» мешіті көп балалы отбасынан шыққан 14 оқушыға сөмке,оқу-құралдарымен қамтамасыз етті.«Евразиялық банк» филиалының директоры А.Е. Кулдыбаева көп балалы отбасынан шыққан 7 оқушыға оқу құралдары салынған сөмке табыстады. 2 «ж» класс ата-анасы Черниязова Римма Б. көмекке мұқтаж 10 балаға оқу құралдары салынған сөмкелер берді. 2 «л» ата-аналары үйден оқытылатын Қуанышбек Санжарға бағасы 14 000 тұратын Мольберт тақтасын сыйлады. Қарғалы тұрғылықты ауданының 12- үйде орналасқан «Ателье» тігін орталығының иесі Гүлнар Амангалиева үш оқушыға тегін мектеп формасын тігіп берді. Жеке кәсіпкер Мұстафина Г.М. қыз балалардың 5 сөмкесін оқушыларға табыстады.
«1қыркүйек- Білім күні» мектептің алғашқы қоңырауына барлық балалар мектеп формаларын киіп түгел қатысты.