Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді.
Дәл осы күні сіздерді Елбасымыздың қолдауымен құрылған бірыңғай “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтайды!
Күрмеуі көп қиын шақта, соқтықпалы, соқпақсыз кезде өзіне сенім артқан жұртын ешқандай қантөгіссіз өркениетке жетелеген һәм дамыған әлеуетті мемлекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Президенттің орны ерек. Ел тізгінін ұстаған Елбасымен еліміздің болашағы баянды болатынына сеніміміз мол!