Мектептегі пән апталықтары қараша айының соңғы онкүндігінен бастау алмақшы. Дәстүрлі түрде әдістемелік бірлестіктер жыл сайын мұғалімдердің кәсіптік құзіретін арттыру мақсатымен әдістемелік жоспар шеңберінде, сондай-ақ оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамыту үшін пән апталықтары ұйымдастырылатыны белгілі.
Пән апталықтары мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін ашық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу арқылы жетілдіру; оқушыларды дербес шығармашылық қызметке тарту, олардың зерделенетін пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру; белгілі бір оқу пәнінен шығармашылық қабілеттерге ие оқушыларды айқындау міндеттерін жүзеге асырады. Еліміздегі карантиндік жағдайға байланысты пәндік апталықтар қашықтан ұйымдастырылмақшы. 2020-2021 оқу жылындағы әдістемелік кафедра апталықтарының өткізілу жоспары төмендегідей:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы 23.11 – 28.11.2020
2. Бастауыш класс кафедрасы 3-4 кл. 30.11 – 11.12.2020
3.Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы 14.12 – 23.12.20 (16,17,18 демалыс күндерін есепке алғанда)
4.Жаратылыстану кафедрасы 18.01 – 23.01.2021
5. Дене шынықтыру кафедрасы 25.01 – 30.01.2021
6. Ағылшын тілі кафедрасы 01.02 – 06.02.2021
7.Бастауыш класс кафедрасы 1-2 кл. 08.02-18.02.2021
8. Информатика, физика, математика кафедрасы 22.02-27.02.2021
9. Эстетика және көркемөнер кафедрасы 01.03-06.03.2021
Апталық онлайн форматта, тек 1-4 кл оффлайн форматта өткізіледі.
Пән апталығы шеңберінде: