"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Психололгия – қызықты ғажайып  әлем!

         Психологиялық  қызмет жоспарға сүйене отырып, 2020-2021 оқу жылында  қашықтықтан оқыту форматына көшуге байланысты психологиялық қызмет  5 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. Қыркүйек айында жекелеген оқушылардың психологиялық – әлеуметтік жеке картасын дайындаудан бастады.  Мектеп бойынша оқушылардың жалпы әлеуметтік жағдайлары зерттеліп, өгей ата – анамен тұратын 68 оқушының  тізімі жасақталып, әр оқушының әлеуметтік – психологиялық жағдайлары зерделеніп АКТ толтырылды.

        Қыркүйек айында   психологиялық қызметтің диагностика бағыты бойынша  жүргізген зерттеу жұмысына  1-класс бойынша  барлығы 382 оқушы қатысты.  Психологиялық қызметтің мектеп қабырғасына қабылданған оқушыларға психологиялық әдістеме, Керн-Йрасек төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағалау тестісі жүргізілді.Бұл әдістемелердің  мақсаты, оқушылардың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын, оқушылардың мектеп өміріне бейімделу процесін анықтау мақсатында жүргізілді. Биылғы оқу жылында қалалық ПМПК- ның қорытындысы бойынша, денсаулығына байланысты 29- оқушы «Инклюзивті оқыту бойынша» мектепте жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады, және 10- оқушы денсаулығына байланысты үйден оқытылады.  Бұл оқушыларға арнайы түзету және дамыту жұмысы бойынша жеңілдетілген формада жылдық жоспар құрылды.  

      Зум платформасы арқылы  8,7- класс қыз балалар арасында «Білгеніңнен білмегенің көп әлі ..» тақырыбында психологиялық сүйемелдеу сабағы  өтті. Сабақ мақсаты: Қыз балаларды инабаттылыққа, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Мектеп психологтары  балалардың тәртібіне қатысты сөз алып, ел өмірінің қай кезеніне  жіберсек те, балалар  тағдыры  кімді болса да бейтарап қалдырмай, олар жөніндегі  ой қозғар өзекті мәселелерді, аталы қауым еш  уақытта аттап өтпеген. Кейінгі уақытта  жастар арасында  құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі  ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең  етек жаюда. Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда. Жас балалардың  құқықбұзушылығына бос  уақыттың  көптігі, пайдалы іспен  айналыспаушылық, ата-ана тарапынан бақылаудың өз  дәрежесінде болмауы, құқықтық білімінің аздығы, сан саласы жақсы істермен қызықтырып, өзіне тартатын  аулалық клубтардың жабылуы басты себепкер болып, мектептен бос уақытында не істерін білмей, еріккен баланың қандай болса да  еліктеушілік  танытуына әкеліп соғуда.           Сол себепті  мектепте оқып жүрген қыз бала, ол – үйдегі ата-  ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздардың қуанышы болуы тиіс.    

     Түзету және дамыту бағыты бойынша, 8-10 класс оқушылары арасында зум платформасы арқылы «Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау» тақырыбында педагогикалық-психологиялық – физиологиялық түзету және дамыту жұмысы жүргізілді.  Мақсаты: оқушылардың психикалық денсаулығының маңыздылығы жөнінде хабардар болу және оларды нығайту дағдыларын арттыру, зорлық- зомбылықтың, суицидтік мінез –құлықтың және буллингтің алдын алу.

      Ата –аналарға арналған «Өз балаңды  интернеттен қорға!» тақырыбында  онлайн WhatsApp  желісі арқылы видеоролик жіберіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, оқу процесінде балаларымызға  көбірек көңіл бөліп, оқу әрекетінде еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін, баланың денсаулығына және жан-жақты қалыптасуына аса үлкен шыдамдылықпен қарап, әр ата-ана баласына үлкен мүмкіндік беріп, қолдау жасап қасынан табылуы сұралады.

       «Қызылжар Абай орта мектебі»  ұйымының ұйымдастыруымен, “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру  және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша ата –аналарды, педагогтарды  жасөспірімдердің суицидтік мінез – құлық белгілерін тану мақсатында «Тағдыр сақшылары» атты онлайн вебинарға ZOOM платформасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дәріс оқылды. Дәріс бойынша хаттама толтырылып, есеп берілді.

      Пандемияға байланысты оқушыларға жүргізілетін сауалнама, онлайн түрде өтті.  Код нөмірлері оқушыларға жеке таратылып, 8-11 аралығындағы  класс оқушыларына “Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру  және суицидтің алдын-алу” бағдарламасы бойынша 625 оқушыдан сауалнама алынды, нәтижесінде 19 оқушы бақылау тобында екені анықталып, оқушымен жеке сұхбат жүргізіліп, ата-анасымен сөйлесіп кеңес берілді.  Нәтижесінде оқушы психологиясы дұрыс нәтиже беріліп, оқушыда ауытқушылық жоқ екенін анықталды. Балалардың жалпы психологиялық хал ахуалын     анықтау мақсатында, бастауыш класс оқушылар арасында,  «Аяқталмаған сөйлем», «Суреттер сөйлейді» атты екі түрлі  әдістемесі жүргізілді.Ағартушылық- профилактикалық бағыт бойынша, жас мамандардың жанын рухани байыту, психологиялық қолдау мақсатында «Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек?» тақырыбында психологиялық қолдау шарасы өтті. Адам баласының құлағына түрпідей тиетін, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету фактілері, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс зорлау фактілерінің жиілеп кетуі қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.    Балаларға әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді үрдісі байқалуда. Осы орайда психологиялық қызмет жоспар бойынша, келеңсіз жағдайлардың алдын – алу мақсатында, 2020 жылдың қараша айында 6-9 класс оқушыларынан «Құқықбұзушылықтың алдын – алу» ( ұрлық, төбелес, отбасындағы зорлық – зомбылық) бойынша гугл форматта 13- сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Сауалнамаға  – 500 оқушы қатысты.  Сауалнаманы қорыта келе, оқушылар арасында отбасындағы зорлық – зомбылық анықталмады.

      11 а, 11 ә – класс оқушылары арасында «ҰБТ – ге психологиялық дайындық» тақырыбында психологиялық қолдау сабағы өтті. Сабақ мақсаты, оқушыларға ҰБТ – ға байланысты сенімділікке үйрету, стрестік қалыптан арылту, стресті жеңуге жол көрсету, ойын арқылы өздігінен жұмыс істеуді, ойлау қабілетін дамытып, ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

       Психологиялық қолдау сабағы барысында оқушыларға слайд арқылы  ҰБТ-ға дайындалудың тиімді жолдары түсіндіріліп, күнделікті   күн тәртібі мен дұрыс тамақтану жолдарының тәртібі көрсетілді. ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін ҚАЛАЙ ЖАТТЫҚТЫРУ КЕРЕК?» – еске сақтау ережесі түсіндіріліп оқушыларға уәж, қолдау беру мақсатында «Есесіне» атты тренинг жүргізілді. Оқушылар өздерінің қазіргі ойландырып жүрген сауалдарын айта отырып,    ой – пікірлерін  ортаға салды.

    Тәрбие бағыты бойынша 20.11.2020 ж күні 10 «Б» класс қызбалалар арасында  «Қыздарға 28 кеңес» профилактикалық отырыс өтті. Кейінгі уақытта  жастар арасында  құқық бұзушылық әрекеттердің көбеюі  ешкімді таңқалдырмаса керек. Соның ішінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер яғни қыз балар  арасындағы  істелінетін қоғамдық жат қылықтары кең  етек жаюда. Бұл келеңсіз жағдайдың негізгі себептері бір жағынан отбасында ата-ана мен баланың арасындағы тығыз қарым-қатынастың болмауы, ата-ананың бала тәрбиесіне жете мән бермей, немқұрайлы қарап, баланың «қарны тоқ, киімі көк» болса болдының кейпін келтіруі болса, екінші жағынан әр үйдің ерке баласы болған жастың жұдырыққа жүгініп, бірін-бірі мойындамай, «өз дегенімді істетемін» деудің салдарынан орын алуда.

     Отырыс барысында қыздарға  «Қыздарға арналған 28 кеңес!» берілді. Әр бір кеңеске тоқталып  қыздар ортаға өз ой пікірлерін айтты.

     5,6  класс   оқушылардың темперамент типтерін анықтау жұмысы бойынша Гугл формада сауаланама жүргізілізілді.  Сауаланама  жұмысының мақсаты: Адамда темпераменттің әртүрлі типтерінің белгілі бір пайыздық мөлшері болатынын анықтау. Бүл темпераменттік мөлшерді білу жетекшіге өзіндік бақылауды жэне өздеріне баға беруді тиімді атқаруға мүмкіндік туғызады, жұмыстың тиімді тэсілдерін, түрлерін жэне эдістерін дұрыс таңдауға, өз іс эрекетінде сауатты жүргізуге, адамдармен жақсы қарым қатынаста болу. 5 – класс оқушыларының бойындағы мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында, гугл формада сауалнама жүргізілді. Жүргізілген әдістеме Кандашаның 30 – сұрақтан тұратын әдісі бойынша, оқушының үш түрлі қатынасы қарастырылды.

1) мектеппен және мұғаліммен ара – қатынасқа байланысты жағдайлар

2) өзі туралы түсініктерді өзектеу жағдайлары

3) тұлға аралық қатынас жағдайлары

120-80 балл      Ж-жоғары 79-30   М-мөлшерде    29-0 Т-төмен

     Осы әдістеме бойынша класс жетекші және пән мұғалімдері мен  ата-аналарға қажетті төмендегідей ұсыныстар берілді.

1.Оқушылардың қиындықтар туындаған кезде, міндетті түрде нақты  оқу материалын тез түсіне бермейді. Ол үшін оқушының тапсырманы қабылдауға және түсінуге қандай анализаторлар (есту, визуалды, кинестетикалық – тактильді) қатысатынын білуіңіз керек;

  1. Мұғалім мен ата-аналарға бірлескен кездесулер қажет, оның барысында әр оқушының жетістіктері мен сәтсіздіктерінің нәтижелері айтылып отырылуы керек, сонымен қатар оқудағы қиындықтарды жеңудің себептері мен жолдары қарастыру, шешім қабылдау.
  2. Мұғалім өз байқауларында мектеп ортасына бейімделу сипатын барынша көрсететін мінез-құлық пен іс-әрекеттің аспектілеріне ерекше назар аударуы керек. Егер оқушы сәтсіз жауап берсе,  ұялтпаңыз, кінәламаңыз, есеп бермеңіз!

        Қараша  және желтоқсан айлары аралығында 5-8 класс оқушылары арасында оқушылардың онлайн сабақ жүйесіне бейімделу жағдайы және класс оқушыларының жалпы  бейімделу жағдайын зерделеу мақсатында  « Социометрия» әдісі, Лусканова «Оқу мотивациясына бейімделу» әдісі жүргізілді. Әдістеме гугл форма арқылы жіберілді. 5- класс бойынша – 244 оқушы, 6 – класс бойынша – 291 оқушы, 7- класс бойынша -285оқушы, 8- класс бойынша – 127 оқушы сауалнамаға қатысты. 

 

6-класс Онлайн – 44% 

Офлайн –  55% 

Billim Land – 100% 

Class Room – 0% 

Whats App – 40%  

 

Иә –84 % 

Иә,бірақ сәл қиналамын – 15% 

Жоқ – 15%  

7- класс Онлайн – 55% 

Офлайн –  44% 

Billim Land – 94% 

Class Room – 0% 

Whats App – 66%  

 

Иә – 77 % 

Иә,бірақ сәл қиналамын – 22% 

Жоқ – 14%  

8- класс Онлайн – 78% 

Офлайн –  21% 

Billim Land – 100% 

Class Room –0 % 

Whats App – 31%  

 

Иә – 78/ % 

Иә,бірақ сәл қиналамын – 15% 

Жоқ – 12%

 

          Оқушылардың  өз мамандықтарын таңдау туралы ойларын кеңейту, нығайту мақсатында       9 – кластар арасында зум платформасы арқылы дәріс сабағы өтті. Оқушылар мамандық таңдаудың ережесімен танысып,  әр түрлі мамандықтардың түрі туралы ақпарат ала отырып, өздерінің ой пікірлерін ортаға салды. Психологиялық қызмет мектеп бойынша «Ерекше» оқушылармен жеке түзету және дамыту жұмыстарын үнемі кестеге сәйкес жүргізіліп отырылды.Мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны»  44-57-99 жұмыс жасайды, пандемия кезінде сенім жәшігі электронды senim_doveriyu60@mail.ru түрде жұмыс жасауда онда түскен оқушылардың , басқа да жеке тұлғалардың ойларына , сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылды.  Жарты жылдықта «Электронды сенім жәшігіне» –1 хат түсті, оның ішінде ата – ана тарапынан – 2, «Сенім телефонына» ата-анадан 2 хабарлама түсті. Әр бір хатқа және қоңырауға уақытылы  кеңестер мен ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылды. 

   Қорыта келе,  жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келеді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды. Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.