"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Балалық шаққа саяхат»

Қазан айында мектеп кітапханасында қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы Б. Соқпақбаевтың туғанына 96 жыл толуына орай, мектеп кітапханасында орта буын оқырмандарымен жазушының «Балалық шаққа саяхат» шығармасына арналған әдеби қонақжай өтті. Қонақжайдың басты қонағы «Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-нің № 13 филиалының меңгерушісі Аязбаева Мәрзия Жаилхановна болды. Шара барысында Мәрзия апай оқушыларға жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтер айтып және повестің әр бөліміне тоқталып, қызықты жерлерін баяндап берді. Сонымен қатар, оқушылардың шығарманы оқығандарын, ұшқыр, жылдам ойлай алатындарын көру мақсатында түрлі сұрақтар қойылып ұтымды жауаптар алынды. Бүгінгі шарада оқушылар «Балалық шаққа саяхат» шығармасына саяхат жасай отырып, шығарманың басты кейіпкері Беркен, тазалықты сүйетін, үздік, ұқыпты оқушы Майра секілді кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін ойларына түйіп, рухани азық алды. 

Кітапхана бөлімі