"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Тәуелсіздік туы желбірейді!

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні! Бізге тәуелсіздік туын, қазақтың көк байрағын биік көтеріп, ел екенімізді дәлелдеп, дүние жүзіне танылуымызға себеп болған және дүниені дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасына биыл – 29 жыл!

Осы Ұлы мерекеге орай, мектеп кітапханасы ZOOM платформасы арқылы,

9 класс оқушыларымен мерекелік шара өткізді. Шара барысында оқушыларға тәуелсіз еліміздің тарихына шолу мақсатында сұрақтар қойылып, «Желтоқсан оқиғасы» кинофильмінен үзінді көрсетілді. Сонымен қатар, Тәуелсіздікке арнап, 4 «Қ» класс оқушысы Хайрулла Нұрдана «Желтоқсаншылар», 9 «А», «Ә», «Е» класс оқушылары – Жәрдембергенова Ә., Тоқтас Д., Иставлетова С. өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды. Шара соңында 9 «Ғ» класс оқушысы Құлынбай Бекзат киелі қара домбырасымен күйден шашу шашты.

КІТАПХАНА БӨЛІМІ