"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Поэзияның хантәңірі – Мұқағали!

Ақпан айы – Мұқағали Мақатаевтың дүниеге келген айы. Биыл ақын, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Мақатаевтың туганына – 90 жыл!

Тума талант бұл күнде өмірден өтсе де, барша қазақтың жүрегінде.

«Ақынмын деп мен қалай айта аламын,

Халқымның өз айтқанын қайталадым.

Күпі киген қазақтың қара өлеңін,

Шекпен жауып өзіне қайтарамын» – деп жырлаған, қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Поэзияның хантәңірі – Мұқағали» атты әдеби-поэзиялық кеш мектеп кітапханасы оқырмандарымен бірге өткізілді. Кеш барысында, ақынның өмірі мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді және де ақынның өз дауысымен оқыған өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар, мектебіміздің жыр сүйер оқушылары ақынның лирикаға толы жырларын, өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқыды.

Кітапхана бөлімі