Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Міне, бүгін ақпанның ақ боранында @60zhbbom мектеп басшысы Абзал Амантайұлы бастаған ер азаматтар қолына күрек алып, қалың қарды ашып, жая жүргінші жолын тазартуда аянбай еңбек етті.“Саусақ біріксе, ине ілігер”,-дегендей, ер азаматтардың ауызбіршілігінің арқасында қандай жұмыс болса да, жеңіл әрі сәтті аяқталады. Барлық ер азаматтарға мектеп ұжымы атынан алғыс айта отырып, ілтипат-құрметімізді білдіреміз.