Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Дәстүр бойынша жыл сайынғы тойланатын Президенттік шыршасы желтоқсан 26 -ші жұлдызында Ақтөбе қаласында орналасқан “Жекпе-жек” сарайында аталып өтілді. Қаламыздың бас шыршасына облыс әкімі Оңдасын Сейілұлы қатысып, балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Айтулы шараға мектебімізден ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 5 «М» класс оқушысы Альжанова Ақнұр және көп балалы отбасынан шыққан 7 «Ғ» класс оқушысы Жанкина Айнара, 7 «Б» класс оқушысы Ізбасар Самира жаңа жылдық мерекеге қатысты. Аяз атаға xат жазып, жаңа жылдық сыйлық күткен балалардың арманы орындалып, велосипедке, құлақ қап, қысқы күртеше, кітап, тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекелік шара барысында балалар әдемі безендірілген шыршаны айнала ән салып, би биледі, қызықты ойындар ойнады. Көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты. Ғажайып кешті ұйымдастырушыларға шексіз алғысымызды білдіре отырып, Жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы, сәтті жыл болсын деп тілейміз!