"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

Логопедиялық массажды жүргізу жолдары мен түрлері

     Балалар церебральді салы зардап шегетін балалармен жұмыс жасайтын мамандар логопедиялық массаждың түрлі жолдарын ұсынады.

     Балалар церебральді салы (БЦП) – мидың жүктілік кезіндегі зақымдануынан немесе мидың жетілмеуінен болады.

     Дизартрия БЦС балаларда жиі кездеседі. Қазіргі таңда көп таралғаны дизартрияның жойылған түрі. Бұл бұзылысты түзетуде педагогтар көптеген қиындықтарға тап болады. Сондай кезде білікті логопедтердің көмегіне жүгінеді.

     Логопедиялық массаждың жолдарын ұсынуда Е.Ф.Архипова, Г.В.Дедюхино, Т.А.Яншина, Л.Д.Могучей т.б. мамандардың еңбектері зор. Мысалы, Е.Ф.Архипованың еңбегінде БЦС балалаға логопедиялық массажды жүргізу әдістерін сөйлеу тіліне дейінгі кезеңде және мектеп жасындағы оқушыларға арнаған.

     Логопедиялық массаждың негізгі түрлеріне:

  • Классикалық;
  • Нүктелік;
  • Аппараттық.

Классикалық массаждың басты әдістеріне: сипау, сылау, қысу және діріл жатады.

Массаждың барлық түрі сипаудан басталады. Себебі, массаж жасайтын мүшені сипау арқылы, яғни, жұмыс істеуге дайындау керек. Сондай-ақ, осы сипау арқылы массаждың барлық түі аяқталады. Демек, массаж жасалып болғаннан кейін, сол мүшенің жағдайын бастапқы қалпына келтіу керек. Сипау үш бағытта жүреді. Ең әуелі, алақанның қарымымен орындалады. Екіншіден, алақанмен ауысып сипау арқылы орындалады. Үшіншіден, алақанның қарымымен сипап, аздап күш түсіру арқылы орындалады. Сипау әдісінің келесі бір түрінде теріні саусақтың ұшымен шымшылап созып жасайды. Бұл әдіс екі қолмен кезек-кезек орындалады. Бұл жүйе терінің созылғыштық қасиетін қалыптастырады.

Сылау. Массаждың сипау әдісінен кейін орындалатын әдіс. Сипалау әдісімен салыстырғанда бұл әдістің өзіндік ерекшелігі сол, күш қолданып орындалады. Сылау әдісінің түрлері-алақанның қырымен үйкелеу арқылы оындалады, алақанның қырымен алма-кезек ұру арқылы орындалады (бұл әдіс сипау кезіндегі орындаумен салыстырғанда қаттырақ күш түсірумен орындалады). Екі қолмен айналдыра (спираль түрінде) орындау. Сылау әдісінің міндеті-бұлшық еттің созылғыштық қасиетін жетілдіу болып табылады. Бетке бас бамақтың немесе ортаңғы саусақтың қарымымен жасалады. Екі алақанның қарымымен егеу арқылы сылау өте тиімді болады. Сылаудың көмекші әдісі шымшылау әдісі, яғни, теріні созып-жіберу саусақтың қарымымен ғана екі қолмен кезек-кезек орындалады.

Қысып ұстау (шымшу) үш саусақтың арасында қысып ұстау арқылы орындалады (бас бармақ, сұқ, ортаңғы саусақтың ұштарымен). Биологиялық белсенді нүктенің орналасқан жерін қысып ұстап, езгілейді. Мұнда орындалатын қиымл өте жылдам, әр жерден бір үзіліспен 3-4рет қайталана орындалады. Массаж әсер еткен жер жансызданып, сыздап кетеді. Ине шанышқандай қимылды сұқ саусақтың ұшымен орындайды.

Жұмсарту – ең күшті тәсіл. Оны көбінде екі қолмен орындайды. Бұлшық еттерді қапсыра уыстап алып жоғары-төмен, көлденең бағытта қозғап жұмсартады (мыжиды). Ол тек алақанмен орындалады. Массаж жасағанда сол аймақты мейлінше босаңсыту үшін жақсылап тірек қою керек.

Дірілдету(вибрация) – массаж жасайтын аймақты саусақ ұшымен, алақанмен, жұдырықпен жиі-жиі түртіп дірілдетеді. Оның үзіліспен жасайтын түрінде қолды әр қиымлдан соң жұлып алып отырады. Ал, үздіксіз дірілдеткен кезде қол денеден алынбай бір орында қозғалыс жасап тұра береді.

Нүктелі массаж – массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді. Нүктелі массажды жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның 2 түрі бар: қоздыру және тежеу. Нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай өзгерістер болады.

Аппаратты массаж – дірілдетудің көмегімен (вибрацияның), вакуумның және басқа құралдардың көмегімен жүргізіледі.

Логопедиялық массаждың басты түрі – зондтық массаж болып табылады.Зондтық массаждың мақсаты – сөйлеу моторикасын қалыпқа келтіру. Зондтық массаждың әдісі қарапайым және әсерлі. Массаждың әсерінен артикуляциялық органдардың зақымдалған бөліктеріне әсер етіп, оларды қалпына келтіреді және іске қосуға мүмкіндік береді. Дыбыс айтуы тез қалпына келеді.

Массаждың әсері түрлі сөйлеу бұзылыстары бар балалармен жұмыс жасаған мамандардың нәтижесінде ринолалия, дислалия, дизартрияда-95%, моторлы алалия толық жетілген. БЦС кезінде дыбыс айтуды түзету тіек-қимыл бұзылысының деңгейіне және интеллектінің сақталуына қарай шамамен 40-80%-ы түзетілді.

Сөйлеу тілінің бұзылуын түзету уақыты сөйлеу тілінің бұзылысының деңгейіне, ауырлығына, жасына және баланың жеке ерекшелігіне байланысты. Баланың сабаққа тұрақты келуі мен ата-ананың түзету сабағына қатысуы маңызды орын алады.

Артикуляциялық органдарға массажды белгілі бір схемаға сай және жүктемені біртіндеп арттыруды есепке ала отырып жасалады (қарапайымнан күрделіге қарай).

Массаж жасауға арналған арнайы 9 зонд құрылды, оның әрқайсысының өзінің қызметі бар: тіл бұлшықеттері, жақ, бет, ерін, жұмсақ таңдай.

                                                                                

 

                                                   Мектеп логопедтері:       Байтохина Ж.Т

                                                                                             Ойлыбаева А.Қ