"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

МЕКТЕПТЕГІ   ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

     Психологиялық қызметтің мақсаты – орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің психологиялық  денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісінде қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Міндеттері:                                                                                  

–  білім алушылардың, тәрбиеленушілердің тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

–  білім алушылардың, тәрбиеленушілерге ақпараттық қоғамның жылдам дамуына олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан  көмек көрсету, психологиялық – педагогикалық зерделеу, шығармашылық әлеуетін дамыту, психологиялық түзету және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;

– психологиялық мәселелерді шешуде және оқу – тәрбие жұмыстарының қолайлы  әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

– білім беру үдерісі субъектілерінің психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

      3 – тоқсан бойынша жоспарға сүйене отырып,   психологиялық қызмет  5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілді.  

    Түзету және дамыту бағыты бойынша, бүгінгі таңда инклюзивті білім беруді қолдау бағытында жалпы білім беретін мектептерде белгілі себептермен ақыл-ой дамуында ауытқуы бар немесе психикалық дамуы тежелген оқушылар білім алуда. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.Инклюзивті оқыту – «Ерекше»  мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

    Дегенмен  қазіргі таңда  әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының   даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп  білім берілуде.

    2020-2021 оқу жылында инклюзивті оқыту бойынша  ерекше қажеттілігі бар 29 оқушы инклюзивті сыныптарда білім алып келді. 3- тоқсанда  1 мөлтек ауданында жаңа мектеп №78 ЖББОМ гимназия ашылып, тұрғылықты мекен – жайы бойынша 2 оқушы ауысып, қазіргі таңда 27 оқушы инклюзивті сыныптарда білім алуда.  Оның ішінде:

  1. кластар арасында – 5 оқушы
  2. кластарарасында – 7 оқушы
  3. кластар арасында -2 оқушы
  4. кластар арасында – 2 оқушы
  5. кластар арасында – 2 оқушы
  6. кластар арасында – 4 оқушы
  7. кластар арасында -1 оқушы
  8. кластар арасында – 1 оқушы
  9. кластар арасында -5 оқушы

Түзету-дамыту жұмыстары мынадай бағыттарда жүзеге асырылды.

  • Ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар;
  • Сенсорлы қабылдауды дамыту; (уақыт кеңістігін, пішін мен көлем, түстерді қабылдауы);
  • Салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру.
  • зейіннің тұрақтылығын және шоғырлануын дамыту;
  • көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
  • психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.

     «Ерекше»  оқитын  оқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бір – бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру. Жан- жақтылыққа үйретіп, өздігінен еңбектенуге үйрету; көңіл күйін көтеру, балалардың икемділігін анықтап, қызығушылығын арттыру, зейінін дамыту.  Әр тоқсан сайын оқушының жалпы психологиялық- педагогикалық түзету және дамыту сабағы бойынша жалпы  даму деңгейі баллдық жүйемен сараланып отырылады.

      «Үйден» оқитын оқушылармен түзету-дамыту сабақтары оқушының сабақтан бос уақытында өтіледі. Түзету-дамыту сабақтарының ұзақтығы 20-35 минут (оқушының зейін тұрақтылығына және төзімділігіне байланысты) өтеді.

    Диагностикалық бағыт бойынша,   жоспар бойынша психологиялық тренинг мектеп бітіруші түлектерімен   «ҰБТ сеніммен барайық!» психологиялық сүйемелдеу сабағы жүргізіліп,  емтиханға байланысты ақыл-кеңестер, психологиялық тренинг – жаттығулар, мини-лекциялар өткізілді.

    Емтиханға деген  көзқарасын байқау мақсатында сауалнамалар алынды, соның нәтижесінде: «ҰБТ- ге дайындығыңызды қалай бағалайсың?» деген сұраққа оқушылар – 89%-і «жақсы» деп жауап  берді, «ҰБТ туралы ойлағанда қандай күйде  боласыз?» деген сұраққа оқушылар «сенімдімін» деп жауап берді. «Мамандықты дұрыс таңдай алдым ба?» тақырыбында сауалнама жүргізіліп, қорытындыланды. Мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификациясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Қорытынды: Оқушылар әр-түрлі саладағы мамандықтарды таңдап отыр. «Бұл мамандықты меңгеру үшін нестейсің?» деген сұраққа оқушылар ойларын ашық жеткізе білген. Сабаққа жақсы дайындалып, таңдағалы отырған мамандықтарына сәйкес пәндерді тереңірек зерттейтіндерін, кітаптар оқитындарын жазған.

    11 – класс оқушыларының ата – аналарынан гугл формада 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды, сауалнама мақсаты: ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, баласының емтиханға дайындығы қаншалықты және баласының қазіргі кездегі мінез – құлқындағы ерекшеліктері туралы білу болатын. Бұл сауалнама негізінде әр оқушының ата –  анасы өз балаларына емтихан алдында қолдау көрсетіп, көмектерін беруге дайын екендіктерін ашып айтты.  Балаларының таңдап отырған пәндері бойынша пән мұғалімдері сапалы білім беріп, әрі нәтижелі болса және психологиялық тұрғыдан қолдау жұмыстары көбірек жүргізілсе деген өздерінің ұсыныстарын қалдырды.

    Класс жетекшілердің сұранысы бойынша таным қабілеттері жай, психологиялық реактивті деңгейлері тұрақсыз оқушылармен жеке жұмыс жасалды.Оқушылар туралы мәліметтерді ата –аналары мен класс жетекшілерге таныстырылып отырылды.

    Жасөспірімнің жабығу көңіл-күйінің болмауы , өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу іс-шараларында ата-ана маңызды рөл атқаруы дұрыс. Баланың көңіл-күйі төмендеуі және жабығудың басқа белгілері байқала бастағанда-ақ аталған күйден шығару бойынша ата – ананың қолдауы маңызды.  Осы мақсатта ата – аналарға арналған брифинг ұйымдастырылып, толғандырған сұрақтарына жауап берілді.

    Жасөспірімдердің денсаулығы  мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру  және суицидтің алдын – алу бағдарламасы аясында, 2-3 шкала тесті бойынша   8,10- класынан онлайн түрде гугл формада «Суицидтік мінез құлық» тақырыбында жеке сауалнама алынды.

10 «А», «Ә» – кластар бойынша  8 «а,ә,б,ә,в,г,ғ,ж» кластар бойынша Суицидтің алдын–алу бағдарламасын іске асыру бойынша білім беру секторының әдістемелік нұсқауының жартылай құрылымдағы сауалнамасы жүргізіліп, қорытындыланды. Мақсаты: Сауалнама шкалаларының шекті мәндерінен асырып жауап берген жасөспірімдер тобын психологиялық қолдау тобын құру және сол оқушылармен психологиялық сүйемелдеу жұмысын жүргізу. Оқушылардың психоэмоционалдық мінез – құлық деңгейінің тұрақтылығын тексеру мақсатында, жартылай сауалнама алынды. Нәтижесінде 5 – оқушы бақылауға алынып, оқушылармен жеке профилактика жүргізілді.

    Алынған сауалнама барысындағы психоэмоциональдық деңгейлері жоғары оқушылармен жеке психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

         2021 жылдың 2- наурыз күні ата- аналар арасында «Ашық жүрек» жобасы аясында ZOOM платформасы арқылы прафилактикалық жұмыс жүргізілді.

      Әлемде қазіргі ең өзекті мәселелердің біріне айналып отырған – бұл жасөспірімдердің құқықбұзушылығы ( өз – өзіне қол сұғу, үй жағдайындағы зорлық – зомбылық, ерте жүктілік) яғни балалардың зорлық – зомбылыққа ұшырауы, Барлық балалар үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық – зомбылықпен ұшырасып отыратындығы туралы айтылып, ата –аналар ойландырған сұрақтарын қойып, жауап алды. ZOOM платформасы арқылы  «БІЛГЕНІҢНЕН БІЛМЕЙТІНІҢ КӨП ӘЛІ …» тақырыбында жүргізілген 8,7,6 – класс қыз балаларымен жүргізілген психологиялық сүйемелдеу жұмысы өткізілді.  Мақсаты:Қыздармен әңгімелесе отырып, ар – намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.

  Айтылған ақпараттар  бала мінез-құлық ережелерін білсе – ол оның адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жол ашады, достарымен қарым-қатынасын күшейтуге септігін тигізеді.

    ZOOM платформасы арқылы  «БАЛАҢ БАҚЫТТЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢ ….» тақырыбында 8,9,10 класс ата – аналарына  психологиялық қолдау сабағы өтті. Мақсаты: Ата –аналарға жасөспірім кезеңдегі оқушылардың бойындағы психологиялық өзгерістер туралы айта отырып, балаға қандай қолдау жасау керектігі туралы мағлұмат, психологиялық кеңестер беріліп, ата- аналардың пікірі тыңдалды. Төмендегідей сұрақтарға жауап алып, ата- аналарға кеңес берілді.

   «ҚЫЗЫМ ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫР НЕСТЕЙМІН?». Кеше ғана мамалап шауып жүрген қызыңыз өсіп келе жатыр, өсіп кеткенін өзіңізде байқамай қалдыңыз! Айнаның алдынан шықпайды, құрбыларымен көп сырласады, сізбен бұрынғыдай ашылып әңгіме айтпайды.  Сіз не істей аласыз? Ең бірінші “Кішкентай қыздың” бойжеткенін мойындаңыз, сол кезде өз-өзіңізге келесіз. Қызыңыздың сізге айтатын әңгімесі сізге толықтай ұнау міндетті емес, оның өзінің көзқарасы болуы керек. Оны жеке тұлға ретінде сыйлаңыз, білмеген затыңызды нақтылап сұрап отырыңыз.Сізге ішіндегісін ашылып айтқан кезде, шошып, ұрысып тастамаңыз, осы кезден кейін ол жабылып, ештене айтпайтын болып қалады. Ол қызыққан заттар туралы сұрап отырыңыз, сіздің қызығушылығыңызды көрген ол, өзі сізбен бөлісіп отыратындығы айтылды.

   «Жасөспірімнің жүрегі не боп жатыр?» 11-17 жас аралығында жасөспірім шақтың әдемі өткенінің өзі жетістік. Себебі балалық шақ пен ересек шаққа өтер аралықтағы қиын кезеннің бірі – осы жасөспірім шақ болып есептеледі.Сол аралықта бала мен ата-анасы арасындағы жан-жалға дәл осы жасөспірім шақтың әсер болуы әбден мүмкін.Дәл осы шақта денеде түрлі гармондық өзгерістер орындалып жатқандықтан, ол баланың эмоционалдық жай күйіне айтарлықтай әсер етеді. Жасөспірім бойынан – себепсіз көңілі түсіп, жабырқап, тіпті себепсіз жылап, ашушаң болғандығы байқалады.Осы сәтте ата-аналарға өтініш. Егер сіздің балаңызда аталған мінез-құлық байқалса, барынша сабыр сақтап, түсіністікпен қарап, керісінше көмектессеңіз. Бұл кезең өтеді де, кетеді, бәрі орнына келеді. Бірақ сол сәтте бір-біріңізге айтылған ауыр сөздер, сіздің жадыңызда ұзақ сақталып, сізге негативті әсер етуі мүмкін екені айтылды.

  Бастауыш кластар арасында «Алғыс айту» күніне орай  «Жүректегі  жылулық» тақырыбында психологиялық тренинг сабағы өтті. Тренинг мақсаты: оқушылардың арасында бір – біріне жақсы қарым – қатынас орнатуға, сыйлай білуге, топтық жұмысқа, шығармашылыққа баулу.

  Мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, онда түскен оқушылардың, басқа да жеке тұлғалардың ойларына, сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылды. Биылғы жылы барлығы «Сенім жәшгіне» – 2 хат түсті,  екі хатта ата – ана тарапынан жазылды. «Сенім телефонына» барлығы 3 хабарлама түсіп, оның ішінде, 1-еуі ата – анадан, 2-ші хабарлама оқушыдан  түсті.  Әрбір хатқа және қоңырауға уақытылы  кеңестер мен ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылды.

   Әр тұлғаның ішкі жан дүниесін тыңдай отырып, психологиялық көмек беру мақсатында,  кеңес беру жұмыстары оқушылармен топтық және жеке  барлығы – 48, ата аналар үшін – 7, педагогтер үшін – 4 әңгімелесулер мен кеңес жұмыстары жасалынды.

     Қорыта келе,  жүргізілген психолог жұмысы жоспарға сай жүзеге асып келді. Жүргізілген жұмыстар уақытында қорытындыланып, таныстырылып отырылды. Өткізілген психологиялық шаралар мектеп проблемасымен ұштастырылып отырды.

 Мектеп психологы Жадырасынова С.М.