Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.
2020-2021 оқу жылы «Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан» шыққан, мектеп тарапынан қаржылай және материалдық көмек алуға құқығы бар 375 (үш жүз жетпіс бес) оқушының тізімі анықталып, қамқоршылық кеңестің қаулысы негізінде мектеп директоры бұйрығымен бекітілді. Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н.Беркімбаеваның облыс аумағындағы карантиндік шектеу шаралары туралы қаулысына сәйкес және Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысы С.Сүлейменовтың №62 бұйрығы негізінде бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына рұқсат етілді.
Елімізде орын алған күрделі ахуалға сай мектебімізде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар ескеріле отырып, 2021 жылдың 15-19 наурыз күндері аралығында (5 жұмыс күні ішінде) мектептің қаражаты есебінен тегін тамақтандыру жүргізілді.
1 класс-65 оқушы
2 класс-78 оқушы
3 класс-91 оқушы
4 класс-65 оқушы
5 класс-40 оқушы
9 класс-22 оқушы
11 класс-6 оқушы.
Оның ішінде жас мөлшері бойынша 6-10 жас аралығында 304 оқушы, 11-18 жас аралығында 71 оқушы тамақтанды. Жалпы тамақтанумен қамтылған оқушылар саны- 375.