Экологиялық таза ортаны сақтау, бұл адам-қоғам-табиғат арасындағы біртұтастық пен үйлесімділікті үйлестіру екенін білеміз. Осы орайда, бүгін мектебімізде сенбілік шаралары жалғасын тапты. Бүгінгі сенбілік барысында мектебіміздің ер азаматтары ауланы абаттандырумен қатар, жерлерді қопсытып, отырғызылатын ағаштарға жағдай жасады. Жаңадан ағаштар отырғызып, артық бұталарды қырқу жұмыстарын жүргізді. Жұмыс жасау кезінде аға буын өкілдері бас-көз болып, бағыт – бағдар берсе, жастар еңбекпен шұғылданды. Бұндай шаралар қоғамды ауызбірлік пен еңбекке үйретіп, жас ұрпаққа экомәдениеттілікті тереңірек ұқтырады.