Мектептің қоғамдық – мәдени тыныс – тіршілігіне белсене араласатын ата-аналар комитеттерінің белсенділігі мен жұмысын ынталандыру және шығармашылық бастамаларын қолдау мақсатында №60 жалпы білім беретін орта мектебінде білім алушы оқушылардың ата – аналары арасында «2020-2021 оқу жылының ең үздік ата-аналар комитеті» байқау-марафоны өтіп жатыр.. Бұл байқаудың ұйымдастырушысы – №60 жалпы білім беретін орта мектеп әкімшілігі. Байқау 2021 жылдың 14-қаңтарында басталып, 2021 жылдың 25 мамырына дейін болады. Шарт бойынша ата-аналарымыз қаңтар айынан бастап, бес турдан тұратын іс-шараларды жүзеге асырып келеді…Осы турлардың ең соңғысы, «Білім ордам – гүлді ортам» деп аталатын, ата-аналар мен оқушылардың бірлескен экологиялық байқауы, яғни ата-аналарымыз өздері үй жағдайында немесе жылыжайда өсірген петуния гүлдерінің көшеттерін мектеп ауласына әкеліп отырғызу, мектеп ауласын көгалдандыру – абаттандыру жұмыстарын атқару болып табылады.
Осы орайда ата-аналарымыз байқауға белсене қатысып, барлық турлар бойынша нәтижелі жұмыстар атқарды. Мамыр айының 13-і күні, марафон аясында мектеп ауласын көгалдандыру – абаттандыру үшін, ата-аналарымыз бірнеше ай бойы өздері үй жағдайында баптап өсірген петуния гүлдерінің көшеттерін мектеп ауласына әкеліп отырғызды. Осылайша өз балаларына үлгі болып, экологиямыздың таза болуына да бір шама үлес қосып, тәрбиелік мәні бар істер атқарды десек болады. Жоғарыда аталған турлардың дәлелдемелері, видео-фотолары мектептің YouTube каналы және Instagram инсапарақшасында жарияланды. Мұның бағасын беретін қазылар алқасы, мектептің қамқоршылық кеңес мүшелері болып табылады. Сондай-ақ ережеге сәйкес, марафон қорытындысы 2021 жылдың 1- қыркүйегінде алғашқы қоңырау салтанатында хабарланатын болады.
Мұндай керемет байқауды ұйымдастырып жатырған мектеп әкімшілігіне атынан үлкен алғыс айтамыз.
Мақала авторы: Тубирова Айгерим Ерболовна