Бүгін мектебімізде әлемдік деңгейде орын алып отырған індеттің алдын алу шараларын қамтамасыз ету мақсатында Қарғалы аудандық ауруханасының эпидемиолог дәрігері Князов Джексенбай Тулебаевич ұжыммен онлайн және офлайн форматта кездесіп, маусымдық аурулардың коронавирус инфекциясына қабаттасу қаупіне байланысты вакцинацинаны пандемия кезінде алудың ерекше маңыздылығын түсіндіріп өтті. Дәрігер вакцинацияның пайдасы мен алғаннан кейінгі жасалар алғашқы шараларды және реакцияның әсерлерінің өту жағдайымен таныстырды. Әлем бойынша осы кезге дейінгі қауіпті індеттерді тек жаппай вакцинациялау жұмыстармен ғана жеңіп келе жатқанын да айта кетті. Түсіндірме жұмысы барысында ұжым мүшелері де бірқатар сұрақтарына жауап алып, мектеп басшылығы дәрігердің берген кеңестеріне алғыс білдірді.