"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

«Үздік жас маман – 2021»

Бүгін, 2021 жылдың 18 мамыр күні, @60zhbbom -да «Үздік жас маман – 2021» байқау-марафонының ІІІ туры «ЭкоLife» байқауы  жалғасын тапты. Бүгінгі байқауға жас мамандар мектеп ауласын гүлдендіруде гүлді өсімдіктер өсу ерекшеліктерін меңгеріп, мектеп ауласын көгалдандыру, абаттандыру және гүлдендіру мақсатында белгіленген  аймақтарға үйден отырғызып келген петуния (шегіргүл) көшеттерін отырғызды. Аталмыш шарада жас мамандар 2000 дана петуния (шегіргүл) мектеп ауласының алдына отырғызды.
Әсем де түрлі-түсті гүлдер сұлулықтың белгісі. Түкті кілемдей жайқалып тұрған түрлі-түсті гүлдер өте керемет. Ауланың алды алыстан көзге түседі. Онда сұлулыққа жаны құмар, еңбекқор жандардың тұратынын бірден аңғаруға болады. Әр адам өзінің ғұмыр кешетін ортасын осындай әсемдікке бөлей білсе, шаһарымызда әдемі де сұлу жерлер көбейе түсетіні анық. Мектебіміздің ажарлана түсуіне атсалысқан жас мамандарымызға алғысымызды білдіреміз!