16 қыркүйек күні N60 мектеп базасында “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ECOFEST жобасы бастау алып, макулатура қабылдау бойынша “Гүлдене бер, Нұр Ақтөбем!” атты акция жоғары деңгейде өтті. экофестивальдің өтуіне мұрындық болды. Жаңа бастаманың қонақтары ретінде
“Атамекен” кәсіпкерлік палатасының директоры Шынтасова С.П., Ақтөбе қаласы білім бөлімінің басшысы Қосымбаева М.О., Ақтөбе қаласы “Алматы” ауданы әкімінің орынбасары Өтешов Р.Б., Ақтөбе қаласы Маслихат Депутаттары Асанов С.К. және Усимбеков А.С., “Eco madeniet” ЖШС директоры Сексенова А.К. акцияға қатысушы оқушыларымызға шабыт сыйлап, құттықтап, алдағы уақытта эко-шараның одан әрі жалғасын табуға сәттілік жолдады!
Акцияға белсенді қатысқан 5-9 сынып оқушыларының білескен күш-жігерінің арқасында белсенді қатысып, 4,5 тонна қағаз шикізаты қабылданды. 150кг-нан артық қағаз шикізатын тапсырып, үздік көрсеткіш танытқан класс оқушылары мен класс жетекшілер:
1 8 «Д» Рахимова М.С. 240кг (1-орын)
2 5 «К» Құрақбаева Н.Ғ. 210кг (2-орын)
3 5«Ж» Саликова А.Е. 178кг (3-орын)
4 5 «Г» Талғатұлы Б. 150кг (3-орын).
Мектебіміз, акцияның алғашқы ұйымдастырушысы ретінде “LucrumStar” компаниясының өнімін сыйға алды, сондай-ақ жетекші сыныптар үшін оқу класстарға бөлме өсімдіктерін сатып алуға сертификаттар бөлінді және бұған қосымша ертең әр класқа қағаз майлықтар мен сүлгілер үлестірілетін болады.
Сондай- ақ бұл эстафетаны мектеп басшысы Абзал Амантайұлы @abz.ta қаламыздың 70 жббом-ға @70.mektep және 78 мектеп-гимназиясына @gymnasium_school_78 мен М. Арын атындағы қазақ орта мектебіне @m.aryn_kkom жолдады.
Салтанатты шара барысында қонақтарымыз мектеп ауласына экскурсия жасап, танысып шықты. “Жақсыдан шарапат”,-демекші, келешекте мектебімізден осындай алдыңғы аға буын ел ағалары шықсын деген ақ ниетпен, оқушыларымыз “Тілек ағашына” қонақтармен бірге лента байлап, ізгі тілек тіледі.